2018 жылғы 3 қарашадан бастап № 4, №46, №102 автобустардың жол жүру сызбасы өзгереді:

 2018 жылғы 3 қарашадан бастап № 4, №46, №102 автобустардың жол жүру сызбасы өзгереді: 02.11.2018

«Көктал-2» тұрғын үй алабындағы маршруттық желілерді жаңғыртудың І кезеңі шеңберінде көлік қызметін көрсету мақсатында 2018 жылғы 3 қарашадан бастап № 4, №46, №102 автобустардың жол жүру сызбасы өзгереді:
 №4 маршрут
- «№73 мектеп-лицей» бастапқы аялдамасынан бастап Н. Тілендиев даңғылы – Ұлытау-2 көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ұлытау-2 көшесіне оңға, Наурыз көшесіне солға – Құсмұрын көшесіне солға, Ақтөбе көшесіне оңға, одан әрі маршруттың қолданыстағы сызбасы бойынша. Кері қарай осыған ұқсас.
 №46 маршрут
- «Қарасу көшесі» бастапқы аялдамасынан бастап әрі қарай Ұлытау көшесі, Наурыз көшесіне оңға, Тарбағатай көшесіне оңға – Ақтөбе көшесіне оңға, Ұлытау көшесіне солға, одан әрі маршруттың қолданыстағы сызбасы бойынша. Кері қарай осыған ұқсас.
№102 маршрут
- «ЖК «Family village» бастапқы аялдамасынан бастап Н. Тілендиев даңғылы – Ұлытау-2 көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ұлытау-2 көшесіне оңға, Ақмола көшесіне солға, одан әрі маршруттың қолданыстағы сызбасы бойынша. Кері қарай осыған ұқсас.




25.02.2020
ANTIKOR ORTALYGY