Бәрімізге таныс "Тас, қайшы, қағаз" ойыны бойынша ашық чемпионаты

Даулы мәселелерді шешуге көмектесетін балалық шақтағы ойын естеріңізде ме? Кім жүргізеді? Кім бірінші жүреді?  Жай ермек түріндегі ойын бара-бара қалжыңсыз жарысқа айналады. Ғасырлар бойы адамдарды не мықты - тас па, қайшы ма әлде қағаз ба деген сұрақ мазалады.  Алғаш рет Сарыарқа ауданында әлемдегі ең танымал ойынға арналған ашық чемпионат өтеді. Бұл жолы жекпе-жек білекпен немесе жұдырықпен емес, бәрімізге таныс "Тас, қайшы, қағаз" ойыны бойынша өтеді, қатысқысы келетіндер осы қарапайым ғана әдістерді білсе болғаны. Ал біз ең епті әрі жолы болғыш қатысушыны анықтау үшін ең шебер ойыншыларды таңдайтын боламыз. Жаңа жылдың алдында чемпионаттың ең басты сыйлығы - iPhone XS ұтып алыңыз. Шарттары:  1.Арман Тұрлыбектің аккаунтына тіркеліп, жарияланымға лайк басу 2.Осы посттың астына 3 досыңды белгілеп, #Сарыарқаауданыныңчемпионаты#тасқайшықағаз хэштегімен "Қатысамын" сөзін жазу 

Чемпионат 29 желтоқсанда өтеді 

Тіркелу: сағат 10:00-12:00 аралығында 

Басталуы: сағат 12:00-де 

Орны: ЦУМ алдындағы Рождестволық жәрмеңке аймағы

Қатысушылар: 12+ 

Барлығыңызға сынған тас пен жыртылған қағаздың көп болуын тілейміз!