Байланыс

28.09.2016

Егер сіз ұзақ уақыт бойы Астанада болсаңыз, әсіресе қалаға бизнес шаруасына байланысты келсеңіз, ылғи да байланыста болуға тура келеді. Мұндайда жергілікті ұялы байланыс операторының SIM-картасын сатып алған ыңғайлы. 4 негізгі ойыншы барлық заманауи байланыс қызметтерін ұсынады, сондай-ақ 3G және LTE технологиясы арқылы ғаламторға кіруге жағдай жасайды. Қызметтер мен олардың ақысы үнемі өзгеріп отырады, оның бәрі сіздің қажеттілігіңізге байланысты. Сондықтан өзіңізге қолайлы біреуін таңдауыңызға болады. Ең бастысы, белгілі бір компанияның кеңсесіне барарда жаңа ережелер мен заңдарға сәйкес төлқұжатыңызды алуды ұмытпаңыз. Жақын бөлімшенің мекенжайын операторлардың ресми сайтынан таба аласыз.

Kcell

«Кселл» АҚ скандинавиялық «TeliaSonera»телекоммуникация холдингінің құрамына кіреді. Компания 199 жылдың қаңтарынан бастап Kcell сауда маркасымен ұялы байланыс қызметін көрсете бастады. Ал сол жылдың қыркүйегінде нарыққа Activ ұялы байланыс бренді шықты.

Сайт: kcell.kz

Beeline

Beeline қазақстандықтарға ұялы және белгіленген телефония, халықаралық, қалааралық байланыс, мәліметтерді жіберу, ғаламторға оптоволокондық технология базасы арқылы кіруге мүмкіндік алу, Wi-Fi және үшінші буындағы 3G желісі қызметтерін ұсынады.

Сайт: beeline.kz

TELE 2

Қазақстан Республикасында Tele2 2010 жылы жергілікті байланыс операторын сату келісімін аяқтаған соң пайда болды. КомпанияныTele2 бизнес топтарына біріктіру аяқталған соң құрылғыларын 3G ұстайтын заманауи құрылғыларға ауыстырып, өнімдік қоржынын және маркетингтік платформасын жаңартқан желі Tele2 брендімен жұмыс істей бастады.

Сайт: tele2.kz

Altel

«Қазақтелекомның» еншілес кәсіпорны ҚР бірінші республикалық ұялы байланыс операторы «АЛТЕЛ» АҚ телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығында 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2010 жылы «АЛТЕЛ» республикамызда бірінші болып 3G ғаламторын енгізді, ал 2012 жылы Қазақстанда ALTEL 4G брендімен LTE технологиясы алғаш рет жүзеге асырылды.

Сайт: altel.kz

28 Сентября 2016, 19:56
Пошта қызметі
Егер сіздің бір жерге хат-хабар немесе сәлемдеме жібергіңіз келсе, төмендегі ақпараттың пайдасы тиюі мүмкін.
28 Сентября 2016, 19:51
Қалай жетуге болады?
28 Сентября 2016, 19:37
Байланыс
28 Сентября 2016, 19:28
Визалар

Қазақстанда кейбір елдермен визалық режим қарастырылмаған – Сізге Қазақстанға арнайы рұқсатсыз еркін түрде келуге болады. Түрікменстаннан басқа, ТМД елдерінің азаматтары үшін визаның қажеті жоқ. Сондай-ақ, Монғолия, Түркия, Аргентина, Сербия азаматтарынан да виза талап етілмейді.