Кәсіпкерге

САУДА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004 ЖЫЛҒЫ 12 СӘУІРДЕГІ N 544 ЗАҢЫ


«НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА КӨШЕ САУДАСЫН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ПАВИЛЬОНДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ» ЖОБАСЫ

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Нұр-Сұлтан қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру туралы» жобасы (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асырылады.

Жоба операторы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» болып табылады.

Көше саудасының бекітілген түрлеріне көшпелі дәмханалар, кофеханалар, тәтті тоқаш сататын, газет, жеміс және көкөніс, кәдесыйлар сататын орындар мен гүл дүкендері жатады.

«Astana» ӘКК» ҰК АҚ 2017 жылғы 22 мамырда бекітілген жер телімдерін беру ережелерімен www.astana-spk.kzсайтында «Корпорация туралы» бөлімінің «Корпоративті басқару» тармағында танысуға болады.

Нұр-Сұлтан ережелердің 4 тармағына сәйкес «Жер телімін алуға өтініш беру тәртібінде» конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі беріледі.

Өтініштер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.

Қазіргі уақытта www.astana-spk.kz сайтында Корпорация туралы» бөлімінің «Корпоративті басқару» тармағында жер телімдерінің тізімі, мекенжайы, ауданы, бір жылға жалға алу құны көрсетілген. «Astana» ӘКК» ҰК АҚ конкурс өткізу және өтініш беруге қатысты сауалдар бойынша хабарласу координаттары: тел.8(717) 261-35-54, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев к. 8 ү, 1413 кеңсе.


НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА СЫРТҚЫ (ВИЗУАЛДЫ) ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРУ ТУРАЛЫ

Сыртқы (визуалды) жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманың өндірісі, орналастырылуы және таратылуын бақылайтын өкідетті орган «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» заңының 11 бап 2 тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) сыртқы (визуалды) жарнама нысанын орналастыруға республикалық маңызы бр қаланың, астана немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы белгілі мерзімге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте рұқсат берген жағдайда жол беріледі.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340/48-V шешімімен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі мен талаптары туралы ережелердің 12 тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының аумағына орнадастырылатын жарнама құрылғыларының типтерін өкілетті орган қарастырады және келіседі.

Осыған байланысты сыртқы (визуалды) жарнама нысандарын орнадастыру үшін рұқсат алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына М.Әуезов к. 6 үй мекенжайына жүгіну керек.

Телефон: +7 (7172) 91 94 24, +7 (7172)91 94 25

Электронды пошта: saulet@astana.kz