Құрылымдық бөлімдер

«Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымы:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте лауазымға сайланатын немесе тағайындалатын аудан әкімі басқарады. Аудан әкімі болмаған жағдайда оны аудан әкімі жүктеген міндеттерді орындайтын орынбасаларының бірі алмастырады. Аудан әкімінің орынбасарларын Аппарат басшысы лауазымдарына «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша аудан әкімі тағайындайды және қызметтерінен босатады.

Аудан әкіміне жүктелген қызметтерді орындау үшін аппарат құрамында басшылары бар бөлімдер ұйымдастырылады.

Қаржы-шаруашылық бөлімі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, есептердің қаржылық органдарға тапсырылуын қамтамасыз етеді, бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыс сметасының орындалуын бақылау және құру, бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын құру. Ауданның бюджеттік құралдарын уақытылы, мақсатты және тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік сатып алуды басқа да тәсілдермен жүзеге асырады (бір көзден, баға ұсынысы сұранымын пайдалану арқылы жеткізушіні таңдау, ашық тауар биржалары арқылы). Мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүзеге асырады. Қаржы органдарына мемлекеттік сатып алу бойынша айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық есептерді ұсынады. Мемлекеттік сатып алуға қатысты сот процестеріне қатысады.

Бөлім басшысы – Гүлмира Қуандыққызы Шерьязданова

Персоналды басқару қызметі аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. Аудан әкімі аппаратының кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. Аудан әкімі аппаратының кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Аудан әкімі аппаратында кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету.

Бөлім басшысы – Елубаева Ләззат Сәрсенбайқызы

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі мемлекеттік органдармен басқа да ұйымдар басшыларымен және аппарат бөлімдермен өзара байланысу. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс регламентін ұстануына бақылау жасау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметініңактілерінің, қала және аудан әкімінің өкімдерімен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау. Аудан әкімінің атқарушы және өкілетті органдар билігімен ақпараттық қарым-қатынасын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатымен Мәжілісіне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауды дайындау және өткізу. Шұғыл кеңестер, есептік кездесулер және дөңгелек үстелдерге дайындықты бөлім мамандарымен бірлесіп жүзеге асыру.

Бөлім басшысы – Қорлан Теміртасқызы Әбдірахманова

Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі бұқаралық ақпарат құралдармен, қоғамдық-саяси партиялармен, діни және үкіметтік емес ұйымдармен, этно-мәдени орталықтармен байланыс орнатады. Қоғамдық келісім, тілдерді дамыту, демография мен көші-қон саласындағы кешенді іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын аумақтық органдардың қызметін үйлестіреді және олардың өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді. Ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастырады. Ауданда спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастырады. Өзінің құқығы шеңберінде ауданның денсаулық сақтау, білім беру, еңбекті және әлеуметтік сақтау қарым-қатынас жасайды.

Бөлім басшысы – Куканбеков Галихан Ихсанұлы

Кәсіперлік бөлімі өзінің құқығы шеңберінде сауда және қызмет көрсету, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен ауданның халқына сапалы қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Бизнес нысандары орналасуы жөнінде деректерін сараптау және жинақтау бойынша жұмыстар жүргізу.

Бөлім басшысы – Қадырхан Диана Қадырханқызы

Абаттандыру бөлімі «Астана қаласын абаттандыру, санитарлық тазарту, абаттандыру ережесінің», «Қала аумағында қалалық шаруашылық элементтерінің, гүлзарлардың, жаяужолдардың, жол жабындарының және басқа да нысандардың бұзылуына байланысты жұмыс өндірісі тәртібінің» сақталуын қадағалайды. ҚТҚ мен қоқыс шығару, тазалау, қыс мезгілінде қар шығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын бақылайды.

Бөлім басшысы – Бахтияр Шәбденұлы Топаев

Өндірістік-техникалық бөлім аудан аумағын ағымдағы тазалаудың келешек және ағымдағы жоспарын даярлайды, техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді әзірлеуге, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, ауданды ағымдағы тазалау жұмыстарына конкурстық мәлімдемелер дайындауға қатысады, бірқатар ұйымдардың жұмыстарына бақылау жүргізеді.

Бөлім басшысы – Сабитов Эльдар Сабитұлы

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі энергетика, коммуникация, коммуналдық шаруашылық қызметтерімен, тұрғын үй инспекциясымен өзара іс-қимыл жасайды, өкілетті қызметтермен бірлесіп, тұрғын жайлардың пайдалануға берілуін, инженерлік коммуникациялар мен желілерді, тұрғын үй қорының ұсталуы мен жөнделуін бақылауды жүзеге асырады, ПИК, БИК, ӨК-мен тұрғын үй қорына қызмет ету мәселесі бойынша байланыс орнатады.

Бөлім басшысы – Андрей Александрович Марченко

Инфрақұрылым бөлімі қалалық энергетика, сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдай қызметтерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындармен, құрылыс ұйымдарымен және өзге де аудан инфрақұрылымының шаруашылық субъектілерімен өзара қызмет етеді. Су мен отын, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануда өкілетті қызметтерге көмектеседі.

Бөлім басшысы – Тасболат Мақсат Пірәліұлы

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, өлуді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастырады.

Бөлім басшысы – Шайкенова Бақытгүл Тәукелқызы

Сметалық нормалар және мемлекеттік сатып алу бөлімі орындалған жұмыстардың актілерін тексеруді, жобалау-сметалық жұмыстарды, сметалық құжаттамаларды жасау және тексеруді, есептер жүргізуді жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын дайындап, бекітуге бақылау жүргізеді. Мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік сатып алу тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша аукциондар, конкурстар өткізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша есептер әзірлеп, оларды өкілетті органдарға ұсынады. Өткізілген аукциондар мен конкурстық құжаттарды рәсімдеуді бақылайды.

Бөлім басшысы – Жанайдарұлы Адият

«Өндіріс» тұрғын алабы бойынша «Сарыарқа» ауданы әкімінің бас инспекторы – Самат Мұхамедқалиұлы Топатаев

«Көктал» тұрғын алабы бойынша «Сарыарқа» ауданы әкімінің бас инспекторы – Әділхан Назымбекұлы Жолдасбаев