«САРЫАРҚА» АУДАН ӘКІМІ «КӨКТАЛ» ЖӘНЕ «ӨНДІРІС» ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНЫҢ БАСТЫ ИНСПЕКТОРЛАРЫ

«САРЫАРҚА» АУДАН ӘКІМІ «КӨКТАЛ» ЖӘНЕ «ӨНДІРІС» ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНЫҢ БАСТЫ ИНСПЕКТОРЛАРЫ

«Сарыарқа» аудан әкімінің басты инспекторы өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Астана қаласы мәслихатының шешімдерін, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы әкімінің өкімдері мен шешімдерін басшылыққа алады.

Аудан әкімінің басты инспекторы уақытша болмаған кезде оның міндеттерін «Сарыарқа» аудан әкімімен тағайындалатын аудан әкімі аппараты бөлімі басшыларының біреуі орындайды.

Басты инспектордың негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • Астана қаласы әкімінің және оның орынбасарларының, «Сарыарқа» ауданы әкімінің бұйрықтарын, сонымен қатар әкім аппаратының басшылығынан келген құжаттарды уақытында орындайды;
  • Тұрғын алабы аумағында мердігерлік ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен абаттандыруды тиісінше күту, санитарлық күтім, жинауды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бақылайды;
  • Аудан әкімінің аппараттық мәжіліс отырысында аудан әкімінің басты инспекторы қызметінің саласына қатысты сұрақтар бойынша материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастырады және оларға жауаптар дайындайды;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру мерзімдерін бұзбау;
  • Аудан әкімі аппаратының еңбек тәртібі регламентіне сәйкес жұмыс режимін сақтау;
  • Мемлекеттік қызметке келумен байланысты шектеулерді бұзбау;
  • Өзінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде қызметтік әдеп ережелерін және мемлекеттік қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін сақтау;
  • Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әкім аппаратының басшылығына бірден ауызша, жазбаша немесе байланыс құралы арқылы болған фактіні түсіндірумен баяндау;
  • Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
  • Жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен;

2) Астана қаласының сәулет және қала құрылысы Басқармасымен;

3) Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару Агенттігінің бойынша Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясымен;

4) Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы және қорғалуын бақылау Басқармасымен;

5) Астана қаласының тұрғын үй қатынастары Басқармасымен;

6) «Сарыарқа» ауданы ІІБ табиғатты қорғау және ветеринарлы полиция бөлімімен;

7) Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасымен;

8) жеке үйлердің меншік иелерімен, мекемелермен және кәсіпорындармен олармен көріктендіру ережелерін сақтау мәселелері бойынша;

9) аудан кәсіпорындары және ұйымдарымен, сонымен қатар үйлердің меншік иелерімен қысқы уақытта қарды және мұзды және тұрғын алабы аумағында қоқысты жинау бойынша;

10) ПИК өкілдерімен жеке және маңайындағы аумақтарда абаттандыру ережелерін сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша;

11) өртке қарсы қызметтермен;

12) коммуникация, байланыс, өнеркәсіп және құрылыс саласы кәсіпорындарымен;

13) «Сарыарқа» аудан әкімі аппараты бөлімдерімен өзара әрекеттеседі.