Сұхбат алаңдары

СҰХБАТ АЛАҢДАРЫ

Тұрғындармен кері байланыстың заманауи механизмдерін енгізу мақсатында «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты үш сұхбат алаңын қолданысқа берген (чаттар):

  1. «Сарыарқа әкімдігі» чаты, мұнда аудан әкімі қатысушылармен өз сұхбаттасып, барлық сауалдарына жауап береді және белсенді тұрғындармен кеңеседі. Сонымен қатар, бұл чатта аудан әкімі аппаратының барлық қызметкерлері мен басшылары, мердігерлік ұйым және басқа да құрылым өкілдері болады.
  2. «Ауданның құқықтық тәртібі»чатын  ауданның жергілікті полиция қызметінің басшысы жүргізеді, мұнда құқық бұзушылықтар бойынша  тұрғындардың барлық өтініштеріне жедел жауап қайтарылады.
  3. «Аудан ПИК» чаты, мұнда ауданның барлық ПИК және қызмет көрсететін ұйымдары қосылған. Мұнда тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылайды.

Аталған чаттарға қосылу үшін телефон немесе компьютерге Telegram қосымшасын жүктеп, бағдарламаны телефон номері арқылы тіркеу және (Сарыарқа әкімдігі - https://t.me/AkimatSaryarka, Ауданның құқықтық тәртібі - https://t.me/Zan_Saryarka, Ауданның ПИК - https://t.me/KCK_AkimatSaryarka) сілтемелері арқылы өтіп,  Join батырмасын басу керек.

БАРЛЫҚ ЧАТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БІЛУІ ТИІСТІ ЕРЕЖЕЛЕР

Біздің белсенді тұрғындар

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап аудан тұрғындарымен өзара әрекеттестіктің жаңа форматы қалыптасқан, ол ауданның коммуналдық-шаруашылық мәселелерінің шешімін тауып, қағазбастылық үдерістерін максималды қысқартуға мүмкіндік береді, ішкі үдерістерді цифрлау мен жаңартуға, азаматтардың қаланың тіршілікті қамсыздандыруға бағытталған бастамаларын қолдауға, тұрғындардың өмір сүру жайлылығын арттырып, аудан әкімдігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталады.

Үш диалогтық алаң (чат) іске қосылған: «Сарыарқа» ауданы әкімдігі (ауданның тіршілігі бойынша жалпы мәселелер, «Сарыарқа» ПИК (тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, ПИК жұмысы), жергілікті полиция қызметімен бірлескен құқықтық тәртіп (құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері). Бұдан басқа, чаттарға қала басқармалары мен қызметтерінің басшылары, жетекшілері (ресми өкілдері) қосылған.

  1. Telegram мессенджерінің чаттары (сұхбат алаңдары) туралы

1.1. Чаттар (ашық сұхбат алаңдары) Telegram мессенджерінде ауданның тіршілігінің маңызды мәселелерінің шешімін табуға, әл-ауқатын жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

1.2. Чаттардың басты ұстанымдары ашықтық және транспаренттік, объективтілік, шешім қабылдау жеделдігі, тұрғындарға бағытталу болып табылады.

Біздің белсенді тұрғындарымызға

Сұхбат алаңдарының жұмысы өзін өзекті коммуналдық-шаруашылық мәселелерінің шешімін табу бойынша нақты механизм ретінде көрсеткен. Апта сайын сұхбатқа қатысушылар саны артып келеді.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі қызметкерлерінің жүктемесінің біршама артуы фактісін жоққа шығаруға болмайды, ол кейбір өтініштерді қарау мерзімінің артуына алып келеді. Бұл жағдайда өтініштерді қарастыру мүмкіндігін ескере отырып заңнамамен 30 күн белгіленеді, осы уақыт ішінде әкімдік қызметкерлері барлық мәселелерді максималды жедел қарастыруға тырысады. Бұрын айтып кеткен өтініштер санының артуына байланысты оларды қарастыру уақыты да артады. Сол себепті, біз аталған жүйе қызметкерлерімізді біршама шаршатуына қарамастан Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратын жаңа деңгейде жұмыс жасауға ынталандыратынын айтып кету керек.

  1. Чат ережелерінің қолдану талаптар

2.1 Чатқа енген қатысушылар аталған Ережелерді бұлжытпай сақтауға ерікті міндеттеме алады.

2.2 Ережелерді білмеу жауапкершіліктен босатпайды, олармен танысуды ұсынамыз.

Біздің белсенді тұрғындарға

Тұрғындар чат әлеуетін белсенді пайдаланады, бұл ауданның ағымдағы жағдайының мониторингіне оң ықпалын тигізеді және тұрғындар айтып көрсеткен мәселелердің шешімін табу үшін күш пен құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осыған байланысты «Сарыарқа» ауданы әкімдігі әр тұрғынға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Бізге ашық және қызу сұхбат аса қызықты. Алаңның құрылуының басты себебі де осындай ашық сұхбат, ұсыныстарды талқылау, пікірлер алмасу болып табылады.

  1. Чатта рұқсат етіледі

3.1 Мемлекеттік қызметкерлермен, коммуналдық кәсіпорындар және ұйымдар, оның ішінде, мердігер қызмет көрсетушілермен (ПИК) немесе басқа да белсенді қатысушылармен ауданды дамыту мәселесі бойынша өзара әрекеттестік және өзекті мәселелердің шешімін табу;

3.2 Сұрақтар қою, пікір білдіру, өз ойын айту, 3.1 т. қарсы келмеген жағдайда дауыс беру;

3.3  Чаттың жұмыс бағыттары бойынша фото-, видео-, аудиоматериалдар жіберу;

3.4 Чат жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау, чаттың жеке қатысушылары немесе чат жұмысына шағым айту.

Біздің белсенді тұрғындарымызға

Бұл жағдайда кез келген пікір алмасу маңызды болады және өзара сыйластыққа негізделуі керек.

Сын айту арқылы ұсыныс айтыңыз, ұсыныс жасау арқылы негіздеңіз, дегенмен, бұл жағдайда басқалардың ар-намысына тимеу керек. Адамның бостандығы басқа біреудің бостандығы басталған жерде аяқталатынын еске саламыз. Сұхбат қатысушыларының бір-біріне қатысты айыптауына, дөрекі сөйлеуіне, өзара наразылық білдіруге, жеке басына сөз келтіруге болмайды. Осы аталған әрекеттерге жол берген қатысушыларға ескерту жасалады, ал қайта бұзған жағдайда – оларға дереу тосқауыл қойылады.

Өзара тиімді қатынас және тұрақтылық негізінде туындаған 500 пікір оң өзгерісті білдіреді деген ойдамыз, бұл жағдайда 500 өзара айыптау мен кінәлау сұхбат алаңының жұмысын бұзады.

  1. Чатта қатаң тыйым салынады

4.1 Чат жұмысына қатысы жоқ тақырыптарды талқыға салу; балағат сөздерді айтуға, кінәлау, айыптауға, ұрысуға т.б. тыйым салынады;

4.2 Басқа пайдаланушыларды тікелей немесе жанама айыптауға (айыптау барысында әдеби ауызекі сөздерді қолдану, чат пайдаланушыларының дөрекілігі), чат пайдаланушылары мен әкімшілеріне дөрекі сөйлеу, арақатынасын айқындауға тыйым салынады;

4.3 Жарнама жіберуге, чат арқылы тауарлар немесе қызметтерді ұсынуға тыйым салынады.

4.4 Коммуналдық-шаруашылық мәселелеріне қатысты емес фото- видео- аудиоматериалдарды жіберуге тыйым салынады;

4.5 Қандай да бір хабарламалар мен пікірлерді жіберуге, суреттер мен фотосуреттер орналастыруға  немесе жалпы адамгершілік нормаларына жат никтерді  пайдалануға тыйым салынады.

4.6 Ботты немесе кодтау жүйесін чатқа қосуға бастама көтеру;

4.7 Флуд, флей, спам жіберуге тыйым салынады;

4.8 Чат жұмысын бұзуға бағытталған қандай да бір әрекеттерге тыйым салынады.

Терминдер тізімі

Флуд - (ағылшын тілінен аударғанда flood — су басу) — бірнеше мәрте (2 реттен артық) аз уақыт аралығында мағынасы ұқсас немесе жақын хабарламаларды жіберу.

Сонымен қатар, форумдар немесе чаттарда көп орын алатын, алайда, пайдалы ақпараты жоқ хабарламалар да флуд болып есептеледі.

Флеймдеу – чаттағы тақырыпқа қатысы жоқ немесе мағыналық жүктемесі жоқ хабарламаларды (оның ішінде, кез келген дерек көздеріндегі цитаталарды ол ешкімге бағытталмаған жағдайда) қайталап жіберу. Мәнсіз дауласу, аргументтерді қолданбастан, балағаттау немесе пікірталас тақырыбынан оппоненттің жеке басына ауысу.

 («Өзің ақымақ»!).

Спам – анық түрдегі қандай да бір ресурс жарнамасы.

Біздің белсенді тұрғындарымызға

Кемшіліктерді көрсете отырып, өз ұсыныстарыңыз үшін жауапты болып қалу маңызды. Бірде-бір мемлекеттік орган негізсіз тексеріс жіберіп, қандай да бір шара қолдана алмайды. Кейде атқарылған жұмыстар туралы бірден есеп бере алмаймыз, себебі кейбір мәселелер уақытты талап етеді. Біз сіздерге түсініп және қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, себебі біз әрбір мәселе бойынша қабылданған шараларды максималды жедел қабылдауға тырысамыз.

  1. Чат әкімшілері.

5.1. «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің және басқа да мемлекеттік органдардың чат жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалары болып табылады.

5.2. Аталған Ережелер бірнеше мәрте бұзылған жағдайда сұхбат алаңының қатысушыларының белсенділігіне шектеу қойып, чаттан өшіре алады.

Біздің белсенді тұрғындарымызға

Әкімдік қызметкерлеріне қатысты барлық хабарламалар, мәселелер мен сұрақтарды әкімдік қызметкерлері қарастырып, әр өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі, тапсырманы орындау «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің басшылығының бақылауымен іске асырылады.

Біздің топты сыпайы, достыққа адал, зияткер қалыпта сақтайық. Бір-біріне сыйлы қатынас, «Сіз-біз» десіп сөйлесу- топты біз осылай көреміз. Біз аталған сұхбат алаңы барлығымызды біріктіретін факторға айналады деп есептейміз және Чат жұмысы ережелерін сақтауға шақырамыз.

Сұхбат алаңының әдеп негіздеріне сәйкес жұмыс жасауға шақырамыз.

Телеграм чатының этика ережесін жүктеу