Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасарлары

ТҰРДЫБЕКОВ РИШАТ УАЛИХАНҰЛЫ

1979 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. 

2005 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын дайындау» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2001 жылы шілде айында Алматы қаласында «Автолизинг Қазақстан» ЖШС бастаған.

2004 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында «Автолизинг Қазақстан» ЖШС қаржы директоры лауазымына ауыстырылған.

2005 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылға дейін  Астана қаласының «Алматы» ауданы жүйесінде әр түрлі қызметтер атқарған.

2009 жылғы ақпан айынан бастап Астана қаласының әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2010 жылы қыркүйек айында Астана қаласының әкімі аппаратының тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгеруші қызметіне ауыстырылған.

2011 жылы желтоқсан айында Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

РАХМАНБЕРДІ ТАЛҒАТ АБАЙҰЛЫ

1984 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында туған.

2006 жылы Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған.

2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен заң ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілген.

2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.

2007-2010 жылдары республикалық студенттер құрылыс және жастар еңбек отрядтарының штабының басшысы қызметін атқарды, «Патриот» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды, «Астана қаласының студенттер құрылыс және жастар еңбек отрядтарының штабы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды.

2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы институтының біліктілікті арттыру басқармасының аға прокуроры болып қызмет атқарды.

2011-2012 жылдары Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының Директоры лауазымында қызмет атқарды.

2012-2016 жылдары «Астана қаласының жастар саясаты басқармасы» ММ басшысы болды.

2016 жылғы сәуір айынан бастап Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

ЖАКУБАЕВ ЕРЖАН ГАЛЫМОВИЧ

1983 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында туған.

2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

2014 жылы «Сырдария» университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген.

2003-2005 жылдар аралығында Астана қаласындағы «Ергуж» ЖШС директорының орынбасары болған.

2005-2006 жылдары Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінде бас маман болып қызмет атқарған.

2007 жылғы маусым айынан бастап 2007 жылғы қазан айына дейін Астана қаласындағы  «Дару Транс Трейдинг» ЖШС филиалының директоры болған.

2008-2010 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының  әкімі аппаратының тіршілікті қамсыздандыру бөлімінің бас маманы болған.

2010-2016 жылдары Астана қаласы әкімдігінің жүйесінде әр түрлі қызметтер атқарған.

2016-2017 жылдары Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының  әкімі аппаратының басшысы болған.

2017 жылғы маусым айында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының  әкімінің орынбасары болып тағайындалған.