Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі

ТУРЛУБЕК АРМАН АЛАШҰЛЫ

1971 жылы 6 мамырда өмірге келген, Қарағанды облысының тумасы.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған.

2005 жылы Қазақстан-Ресей университетін аяқтаған.

2011 жылы Алматы мемлекеттік энергетика және байланыс университетін аяқтаған.

1993 жылғы шілде айынан бастап 1999 жылғы желтоқсан айына дейін Сәтпаев қаласының бірқатар коммерциялық құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.

1999 жылдың желтоқсан айынан бастап 2000 жылғы сәуір айына дейін Сәтпаев қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарған.

2000 жылы наурыз айында Сәтпаев қаласының әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

2007 - 2008 жылдары «Қарағанды облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ директоры болған.

2008 жылғы наурыз-қыркүйек айлары аралығында Сәтпаев қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарған.

2008 жылы қыркүйек айында Қарағанды облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және тариф саясаты мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалған.

2010 жылғы мамыр-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары кеңесшісі болған.

2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы болды (02.04.2011 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті болып өзгертілген).

2015-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болған.

2016 жылы маусым-қазан айларында Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2016 жылы 20 қазанда Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі лауазымына тағайындалған.

Сайланбалы лауазымы: Сәтпаев қалалық мәслихатының ІІ шақырылым депутаты (1999).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атақтары: мерейтойлық медальдер: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана», «Ерен еңбек үшін» медальі; «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі»  құрметті төсбелгісі; «ТДМ еңбек сіңірген энергетигі» құрметті атағы.