Жарнама

Астана қаласында сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру туралы

 Сыртқы (визуалды) жарнама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын және Астана қаласының аумағында сыртқы (визуалды) жарнаманың өндірісі, орналастырылуы және таратылуын бақылайтын өкідетті орган «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» заңының 11 бап 2 тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) сыртқы (визуалды) жарнама нысанын орналастыруға республикалық маңызы бр қаланың, астана немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы белгілі мерзімге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте рұқсат берген жағдайда жол беріледі.

Бұдан басқа, Астана қаласының мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340/48-V шешімімен бекітілген Астана қаласында сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастыру тәртібі мен талаптары туралы ережелердің 12 тармағына сәйкес Астана қаласының аумағына орнадастырылатын жарнама құрылғыларының типтерін өкілетті орган қарастырады және келіседі.

Осыған байланысты сыртқы (визуалды) жарнама нысандарын орнадастыру үшін рұқсат алу мақсатында Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына М.Әуезов к. 6 үй мекенжайына жүгіну керек.

Телефон: +7 (7172) 919-424, 919-425

Электронды пошта: saulet@astana.kz