Заң

САУДА ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004 ЖЫЛҒЫ 12 СӘУІРДЕГІ N 544 ЗАҢЫ

Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) – жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;

1-1) арзандатылған тауар – кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;

1-2) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер – квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар;

2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;

4) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

4-1) жаппай сату – тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;

4-2) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;

4-3) кедендік әкету бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем;

5) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы);

6) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі – белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы);

7) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

8) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

9) рұқсат – автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын, сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін арнайы құжат;

10) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

10-1) сауда базары – аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;

11) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

12) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) сауда қызметiнің субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

15) сауда объектiсi – құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

15-1) сауда орны – тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;

16) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;

16-1) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

16-2) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);

17) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;

17-1) сыртқы сауда қызметінің қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

18) тарифтiк квота – кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;

19) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

20) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

20-1) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін ерекше лицензия негізінде жүзеге асыру;

21) тауарлар тобы – функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы;

21-1) халықаралық мамандандырылған көрме – бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;

екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;

көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;

өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;

21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;

21-3) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;

21-4) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi – бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

астана аумағында орналасқан, жеңіл рельсті көлікке арналған жеке бөлінген жолдарды және оларға жататын көлік инфрақұрылымы объектілерін қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағында орналасқан;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға бекiткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы;

22) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

23) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;

24) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

25) электрондық саудадағы делдал – электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға;

26) электрондық саудаға қатысушылар – электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары

  1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
  2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.

  1. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары:

1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;

10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;

11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

  1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады.
  2. Осы Заңның күшi:

1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;

2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

  1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:

1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;

2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;

3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;

4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) сертификаттау болып табылады.

  1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:

1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;

2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;

5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;

10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;

11) уәкiлеттi органды айқындайды;

12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;

14-2) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді;

14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;

14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;

15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;

1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;

2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;

2-2) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;

5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;

7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;

8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;

10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң атынан өкілдік етеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

12) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;

14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

14-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;

15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;

15-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;

16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Ескерту. 7-1-бап алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:

1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;

6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу

  1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Iшкі сауда

10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

  1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.
  2. Стационарлық сауда объектілері:

сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;

сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;

сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;

сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;

сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.

Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:

1) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

2) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);

3) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;

4) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;

5) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.

Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.

2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:

1) әмбебап;

2) мамандандырылған болып бөлінеді.

РҚАО-ның ескертпесі!

10-бапты 2-3-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

10-бапты 2-4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.

Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.

2-6. Сауда базарлары:

1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;

2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:

сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;

авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;

сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;

бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;

сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;

Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.

2-7. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумақтарын ұстауға, жабдықтарына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.

  1. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.
  2. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.
  3. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Көтерме сауда

  1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
  2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда қызметінiң субъектілері Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Бөлшек сауда

  1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
  3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
  4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен реттеледi.
  5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.
  6. Жаппай сату және арзандатылған тауарды өткізу тәртібі iшкi сауда қағидаларында белгіленеді.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Қоғамдық тамақтандыру

  1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
  2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
  3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты

  1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртiбi мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актiлерiне сәйкес айқындалады.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.
  3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.

3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу

Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;

3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;

4) электрондық сауданы дамыту;

5) шекара маңындағы сауданы дамыту;

6) отандық сауда желілерін дамыту.

  1. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.

Ескерту. 14-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау

  1. Уәкілетті орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
  2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
  3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.

Ескерту. 14-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. Сыртқы сауда қызметі

Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар

Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15-1-бап. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйымның мақсаттары мен міндеті

Ескерту. 15-1-бап алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу

  1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:

1) кедендік баждарды;

2) тарифтік жеңілдіктерді;

3) тарифтік преференцияларды;

4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.

  1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің және оған әкелудің ұтымды арақатынасын ұстау;

3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдайлар жасау;

4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерінен қорғау;

5) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

6) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

16-1-бап. Тарифтік квоталар

  1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:

1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;

2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.

Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.

  1. Әкелуіне немесе әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
  2. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.

Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:

1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;

2) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеу;

3) жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық;

4) тауарларды экспорттау және (немесе) импорттау саласындағы лицензиялау;

5) жекелеген тауарлар түрлерін автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) жатады.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе)әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

  1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:

1) құқықтық тәртiпті сақтау;

2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;

3) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3-1) алтын немесе күміс экспортын және (немесе) импортын реттеу;

4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;

5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;

6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;

7-1) ішкі өңдеу өнеркәсібін отандық тауарлармен сан жағынан жеткілікті қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;

7-2) тауарлардың жалпы немесе жергілікті жетіспеушілігі кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;

7-3) Қазақстан Республикасындағы тауарларды өндіру және тұтыну құрылымындағы озыңқы өзгерістер үшін жағдай жасау;

7-4) Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншік және өзге де құқықтық актілерді қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай енгізеді;

8) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;

3) ішкі нарықты қорғау қажеттілігіне қарай енгізеді.

  1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
  2. Айтарлықтай маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта өте көп жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органның келiсімі бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу мен сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.

Елеулі маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

  1. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

  1. Рұқсаттар барлық өтiнiш берушiлерге шектеусiз берiледi.
  2. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға:

жазбаша өтініш;

бiр данада қағаз жүзiнде белгiленген үлгiдегi рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшiрмесiн ұсынады.

  1. Рұқсат өтініш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде берiледi.
  2. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
  3. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
  4. Берiлген рұқсатты басқа өтiнiш берушiлерге қайта ресiмдеуге болмайды.
  5. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган үш жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.

Ескерту. 18-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-2-бап. Қарсы шаралар

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:

1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.

Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері

  1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
  2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.

Ескерту. 4-тарау 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы

Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық

  1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
  2. Уәкiлеттi орган экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлетiн тауарлардың тiзбесiн, сондай-ақ жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушыларды тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстарының негізінде бекiтедi.
  3. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)

Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану

Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады.

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. Сауданың өзге түрлері

23-бап. Аукциондық сауда

  1. Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.

  1. Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

24-бап. Комиссиялық сауда

Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

25-бап. Тапсырыс бойынша сауда

  1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.

  1. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
  2. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.
  3. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.

Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.

  1. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.

26-бап. Шекара маңындағы сауда

  1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
  2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.

27-бап. Көшпелi сауда

  1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
  2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.
  3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі

  1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.
  2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.
  3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмеге қолданылмайды.
  4. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:

1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

  1. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:

1) орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасалған өтеусіз шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.

  1. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар да жатады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

29-бап. Электрондық сауда

  1. Электрондық сауда уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру

  1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:

1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;

2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;

3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.

  1. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Электрондық сауда делдалы ақпараттық ресурстардағы қамтылған ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
  3. Электрондық сауда делдалының:

1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарламаларда қамтылған ақпаратты жария етуге;

2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды, электрондық хабарламаларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге;

3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды немесе электрондық хабарламаларды не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.

  1. Сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды, оның ішінде электрондық саудадағы делдал арқылы сақтауды ұйымдастырады.

Ескерту. 5-тарау 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау

Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар

Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

  1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;

2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;

3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;

4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;

5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;

6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;

6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған сәйкестiк сертификатының көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;

8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап алуға;

9) мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

  1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілеріне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:

1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуіне тыйым салынады.

  1. Сауда қызметі субъектілеріне нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, осы Заңның 9-бабының 2–тармағына сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуға тыйым салынады.
  2. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде сауда қызметі субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
  3. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі мен өнім беруші арасында сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнінде қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісіне мұндай тауарларды бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:

1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі жарамдылық мерзімі күнтізбелік он күннен кем болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;

2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, жарамдылық мерзімі күнтізбелік он және одан да көп күн болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.

  1. Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндеттерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

  1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:

1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);

2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;

3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;

4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;

5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;

6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;

7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;

8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;

9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;

10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);

11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

  1. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.

Ескерту. Заң 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 364-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

  1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
  2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер:

1) дайындаушының тауар белгісі;

2) тауардың шыққан елі;

3) тауардың құрамы туралы;

4) азық-түлік тауарлары үшін – тамақ құндылығы;

5) дайындалған күні;

6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;

7) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың аталуы;

8) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.

Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда болуға тиіс.

Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.

  1. Мыналарды:

1) айналыстан алынған тауарларды;

2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;

3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын акциздік таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;

4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;

4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;

4-2) аталған тауарларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;

4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;

4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары

  1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
  2. Сауда қызметі субъектісі:

1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);

2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;

3) жұмыс режимін;

4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.

  1. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.

7-тарау. Қорытынды ережелер

33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау

Ескерту. 33-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!

33-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылауды жүзеге асырады.

Ескерту. Заң 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

  1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
  2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Тексерудің өзге де нысандары сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталған.
  4. Тексерудің өзге де нысандары жеке, заңды тұлғалардың өтініштері немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
  5. Тексерудің өзге нысандарының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру анықталған жағдайда бұзушылықты дереу жою туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша нұсқама шығарылады.
  6. Бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. Заң 33-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

34-бап. Дауларды шешу

Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сауда қызметін реттеу туралы.doc жүктеу