Жоба

«Астана қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру туралы» жобасы

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласында көше саудасын жүргізуге арналған павильондарды орналастыру туралы» жобасы (бұдан әрі – Жоба) жүзеге асырылады.

Жоба операторы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» болып табылады.

Көше саудасының бекітілген түрлеріне көшпелі дәмханалар, кофеханалар, тәтті тоқаш сататын, газет, жеміс және көкөніс, кәдесыйлар сататын орындар мен гүл дүкендері жатады.

«Astana» ӘКК» ҰК АҚ  2017 жылғы 22 мамырда бекітілген жер телімдерін беру ережелерімен http://www.astana-spk.kz сайтында «Корпорация туралы» бөлімінің «Корпоративті басқару» тармағында танысуға болады.

Аталған ережелердің 4 тармағына сәйкес «Жер телімін алуға өтініш беру тәртібінде» конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі беріледі.

Өтініштер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.

Қазіргі уақытта www.astana-spk.kz сайтында  Корпорация туралы» бөлімінің «Корпоративті басқару» тармағында жер телімдерінің тізімі,  мекенжайы, ауданы, бір жылға жалға алу құны көрсетілген.

«Astana» ӘКК» ҰК АҚ  конкурс өткізу және өтініш беруге қатысты сауалдар бойынша хабарласу координаттары: тел.8(717) 261-35-54, мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев к. 8 ү, 1413 кеңсе.