Абаттандыру мен көгалдандыру

Абаттандыру

 «Сарыарқа» ауданы аумағында 695 аула орналасқан. Ағымдағы жылы креативті жобаларды жүзеге асыру шеңберінде Н.Тілендиев даңғылы 36, Самал ы/а (1-10 үйлер), Сарыарқа 11 және 15 мекенжайлары бойынша кешенді абаттандыру жұмыстары аяқталған.

Республикасы даңғылы 21, Абай даңғылы 8, 21, Сарыарқа даңғылы 19, Сейфуллин к. 8, Ақсеңгір к. 5, Қамысты к., 49 мекенжайлары бойынша тұрғын үйлердің орамішілік аумақтарында ойынға арналған шағын сәулет мүсіндері орнатылған. Иманов к. 1 және Сейфуллин к. 8 мекенжайлары бойынша футбол алаңдарына күрделі жөндеу жүргізілген.

 «Европейский» ТКспорттық жаттығу жабдықтарын орнату жұмыстары, шұңқырларды жөндеу және «жасанды бұдырларды» жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мердігерлік ұйым «Европейский» ТК аумағында орамішілік жарықтандыруды қайта қалпына келтірді. «Махаббат 1,2»  ТК спорт жабдықтарын және балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі кезде «Орамішілік аумақтар мен өтпе жолдарын жөндеу» бағдарламасы шеңберінде орам ішіндегі жолдарға жөндеу жүргізіліп жатыр.  Орамішілік аулалар мен жолдар келесі мекенжайлар бойынша жөнделген: Республика д. 5, 7, 17, Абай д. 1, 3, 3/1, 5/1, 8, А. Мамбетов к. 8/4, Жеңіс д. 31/1, 35/1, 51/2, 51/3, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайв ауданы, «Редиссон» қонақ үйі ауданы, С.Сейфуллин к. 12, 29, Кенесары к. 11, Шевченко к. 10,  Сарыарқа д. 41, 42, 43,  Кенесары  к. 22, Шевченко к. 8, Шевченко к. 10/1, Бөгенбай батыр даңғылы 6/1, 6/2, 6/3, Желтоқсан к. 25, Жангельдин к. 6, Бейбітшілік к. 24, Біржан сал к. 2, Боталы к. 26, 26/1. 

Жалпы алғанда 105 мекенжай бойынша орамішілік аулаларды ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жоспарланған.

КӨГАЛДАНДЫРУ

 «Сарыарқа» ауданында 30 000 астам ағаш, 12 000 астам бұталы қоршау, 700 000 м2 газон бар. Жалпы ауданы 178 000 м2 болатын 3 бақжол қолданылады.

2017 жылдың басынан бері – 3415 дана ағаш отырғызылған (Сарыбұлақ өзені жағасы, Тілендиев даңғылы, Қосшығұлұлы к., Сарыарқа д., Кубрин к., Республика д., Бейсеков к., мамандандырылған ХҚКО (Көктал -2 т.м.) т.б.).

Газондар төсеу мен шым салу аумағы – 500 м2.

Отырғызылған бір жылдық гүлді көшеттер - 19 295 м2, (петуния, тагеттиса, виола, цинеррарий т.б.)

«Рамстор» СҮ алдында 1 дана жаңа Альпі төбешігі орналастырылған, ауданда барлығы 7 Альпі төбешігі бар.

Орнатылған топиари мүсіндерінің саны – 7 дана, салт атты, велосипедші, пәуеске, құдық, куб.

Орнатылған жасыл декоративті мүсіндер саны - 7 дана:Аққулар, футбол добы, Қобыз, доп және бутсы, Табиғатты аялайық.

ОӘД, Бейбітшілік бульвары, Есіл өз. жағалауы  алаңдарында жартасты аршасы бар 10 дана сәкілер орналастырылған.

«EХPO 2017» логотиптері бар 48 вазондар орналастырылған.

Республика, Сарыарқа және Абай даңғылдарында қоршауларға 498 дана аспалы вазондар қойылған.

Республика даңғылы, Сарыарқа даңғылы, Кенесары көшесінде 86 дана жасыл көшеттерге арналған гранит контейнерлер қойылып, 258 дана көгілдір шырша мен арша отырғызылған.

Күн сайын жасыл көшеттер күтімі бойынша жұмыстар жүргізіледі (ағаштарды кесу, бұталы қоршауларды қию, газондарды шабу, тыңайтқыштар енгізу, химиялық өңдеу, арам шөбін отау т.б.).

Бақжолдарды тазалау жұмыстарына күн сайын жаз мезгілінде 10 адам, 1 техника бірлігі, қыс мезгілінде – 30-70 адам, 12 техника бірлігіне дейін  қатыстырылады.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ

 «Сарыарқа» ауданы бойынша «Астана Қалалық Жарық» ЖШС қызметінде бүгінгі күні 7149 бірл. көшені жарықтандырудың жарық нүктелері, 1674 бірл. саябақты жарықтандырудың жарық нүктелері, 578 бірл. аудан ішіндегі подъездерді жарықтандырудың жарық нүктелері және 115 бірл. аудан ішіндегі бекеттердегі жарық нүктелері бар. Күн сайын  «Сарыарқа» ауданы бойынша ақаулар мен ескертулерді жою үшін кезекші электр монтер бригадалары шығады.