ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ

Ұйымдастырушылық-бақылау бөлімі (одан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз жұмысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің басты міндеті аудан әкімі қызметін ақпараттық-талдамалы, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық қамтамасыз ету болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • Аудан әкімі шешімдері мен бұйрықтарының уақытында және сапалы орындалуына бақылау жүргізу;
  • «Сарыарқа» ауданы әкімі сайтына келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтінімдерін уақытында қарауды бақылау;
  • Қала әкімі, оның орынбасарлары мен «Сарыарқа» аудан әкімінің хаттамалық бұйрықтарын уақытында орындауды бақылау;
  • Астана қаласы әкімінің жолдау электронды жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалар өтінімдерін уақытында қарауды бақылау;
  • «Астананың сыртқы бейнесі» модульіне келіп түскен ескертулерді уақытында жоюды бақылау;
  • Марапаттау материалдарын жинау және «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» көп балалы аналарды марапаттау үшін ұсынысты дайындау, әкімнің қатысуымен «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттауды ұйымдастыру;
  • Ауда әкімінің есеп беру кездесулерін дайындау және өткізу, есеп беру кездесулер барысында келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалуын бақылау;
  • ҚР Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентіне және Астана қаласының Мәслихатына депутаттарды сайлауды жүргізуді ұйымдастыруға қатысуды қабылдау;
  • Ірі шараларды өткізуге қатысуды ұйымдастыру, оларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • Аудан паспортын құрастыру;
  • Іс жүргізуді, аудан әкімі аппаратына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың хаттарын және басқа өтінімдерін уақытында қарастыруды бақылайды;
  • Әкім аппаратының іс номенклатурасын әзірлеу;
  • Ауда әкімінің мәжілісіне материалдарды ұйымдастыру және дайындау, хаттама жүргізу;
  • Мұрағаттық іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, кіріс және шығыс құжаттарын уақытында тіркеуді және қарастыру бақылау;
  • аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және аппарат басшыларымен азаматтарды жеке қабылдауды өткізуді ұйымдастыру;
  • қатал есептілік бланкілерін қолдануды, сонымен қатар жарамайтын қатал есептілік бланкілерін есептен шығару және жою бойынша жұмыстарды өткізуді бақылау;
  • құжат айналымы туралы ақпаратты және анықтаманы дайындау, аппаратта іс жүргізуді бақылау;
  • әкімнің негізгі қызмет бойынша өкімін тіркеу;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.