СМЕТАЛЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БӨЛІМІ

СМЕТАЛЫҚ НОРМАЛАР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БӨЛІМІ

Сметалық нормалар және мемлекеттік сатып алулар бөлімі (одан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз жұмысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді және жеткізушілермен ұсынылған есептеулерді әзірлеу және тексеру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • Басқа бөлімдермен және ұйымдармен бірігіп, ауданның ағымдағы жағдайы бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу;
  • Техникалық – экономикалық негіздемелерді және есептеулерді әзірлеуге, келісімдер жасауға қатысу;
  • Сол немесе басқа жұмыстарды қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінімдер үшін арналған есептерді құрастыру;
  • «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес ұсынылатын жұмыс түрлеріне конкурстық өтінімдерді дайындауға қатысу;
  • Мердігерлік ұйымдармен жұмыс түрлері бойынша сметалық нормалардың сақталуына бақылау жүргізу;
  • Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына Астана қаласы мәслихатының сессия шешіміне сәйкес өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Мәслихат шешіміне, сонымен қатар аппарат бөлімдерінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға қызметтік хатына сәйкес айына бір реті мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бөлімдердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға барлық өтінімдерін Microsoft Office Excel форматында жинақтау, орташа жоспарлық бағадағы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер нарығын талдау, Microsoft Office Word форматында өзгерістері бар жиынтық кестені біріктіру, сонымен қатар өзгерістер туралы өкімді құрастыру және мақұлдау;
  • Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
  • Жұмыс құрамына сатып алатын жұмыстар, тауарлар, қызметтер нарығында материалдарды жан-жақты зерттеу, сонымен қатар зерттелген мәліметтерге сәйкес сатып алатын жұмыстар, тауарлар, қызметтер үшін техникалық сипаттаманы құрастыру кіреді;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды және аукциондарды өткізуді ұйымдастыру;
  • Жұмыс құрамына техникалық сипаттамаларды құрастыру, өкімге қол қою, веб-порталда электронды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны жасау, сонымен қатар жобаның конкурстық құжаттамасын талқылау, веб-порталда конкурстық құжаттаманы мақұлдау кіреді;
  • Конкурстық және аукционды құжаттаманы дайындау;
  • Техникалық сипаттаманы құрастыру және келісу, конкурстық комиссия құрамын және конкурстық құжаттаманы мақұлдау;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен қарастырылған журналдарды жүргізу;
  • Электронды банктік кепілдікті тіркеу журналы тігіледі және нөмірленеді және парафирленеді;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер құрастыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну
  • Өсу қорытындысы бар ай сайынғы есептер – өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы есеп (әдістер, түрлері), өткізілген сатып алу бойынша қазақстандық құрам есебі Коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу Басқармасына Microsoft Office Excel форматында ұсынылады;
  • Өткізілген конкурстар және аукциондар бойынша құжаттаманы рәсімдеуге бақылау жүргізу;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Өткізілетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
  • Бөлім жұмысының апта сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық жоспарын әзірлеу және орындау;
  • Ауданның мердігерлік ұйымдармен орындалған жұмыстарының сапасына және көлеміне күн сайын бақылау жүргізу.