ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМ

ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМ

Қаржылық-шаруашылық бөлім (одан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз жұмысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының бухгалтерлік, бюджеттік есебін және қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • Материалды және қаржылық ресурстардың үнемді қолданылуына, әкім аппараты меншігінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес есеп саясатын құрастыру;
  • Инвентаризация мен шаруашылық операцияларды өткізу;
  • Әкім аппаратының қызметі туралы толық және сенімді бухгалтерлікті ақпаратты құрастыру және уақытында ұсыну, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
  • Ауданның балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерінің бухгалтерлеріне әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
  • Бюджет қаражаттарын тиімді және нысаналы қолданылуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Әкім аппараты жұмыскерлеріне және әлеуметтік жұмыскерлерге еңбек ақы шот карталарын, демалыс және еңбекке жарамсыздық парағын уақытында есептеу және төлеу;
  • Бюджеттік бағдарламалары бойынша бухгалтерлік ақпарат деректер қорын құру, енгізу және сақтау;
  • Бухгалтерлік құжаттаманың сақталуын, олардың бюджеттік бағдарламалары бойынша мұрағатқа беру үшін арналған бекітілген тәртібіне сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету;
  • Астана қаласының бюджеттік бағдарламалары бойынша Қаржы басқармасына ай сайынғы және тоқсан сайынғы қаржылық есептілігін құру және уақытында ұсыну;
  • Қазынашылық органдарында бюджеттік бағдарламалары бойынша жылдық және бір реттік келісімдерін тіркеу;
  • Төлем құжаттарын рәсімдеу (төлем, тапсырыстар шоты) және оларды Астана қаласының бюджеттік бағдарламалары бойынша Қазынашылық Департаментіне бағыттау;
  • Бюджет тапсырысын құрастыру және Астана қаласының бюджеттік бағдарламалары бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсыну;
  • Бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын құру;
  • Салық және статистикалық есептілікті құру және уақытында ұсыну;
  • Негізгі құралдар, материалды емес активтер және басқа тауар-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есебін жүргізу;
  • Тоқсан сайынғы, жарты жылдық, жылдық балансты құрастыру;
  • Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және мақұлдауға ұсыну;
  • Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына Астана қаласы мәслихатының сессия шешіміне сәйкес өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар мен аукциондарды өткізуді ұйымдастыру;
  • Конкурстық және аукционды құжаттаманы дайындау;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен қарастырылған журналдарды жүргізу;
  • Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептер құрастыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну;
  • Өткізілген конкурстар және аукциондар бойынша құжаттаманы рәсімдеуге бақылау жүргізу;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
  • Өткізілетін мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау;
  • Бөлім жұмысының апта сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық жоспарын әзірлеу және орындау;
  • Аудан әкімі аппаратының Стратегиялық жоспарын әзірлеу;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.