КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі (одан әрі – бөлім) Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз жұмысында бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласы «Сарыарқа» ауданында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайлар құруда саясатын іске асыру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • уәкілетті органдармен бірігіп аудандағы сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет саласы объектілерінің сыртқы (визуалдық) жарнамаға сәйкестігін келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • уәкілетті органдармен бірігіп «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және дайындау бойынша жұмыстарды өткізу;
  • уәкілетті органдармен бірігіп ауданда бекітілген орындарда сауда-саттық (жеміс-көкөністі өнімді, жылдам дайындау өнімдерін, балмұздақ, салқындатқыш алкогольсіз сусындар, батуттар, велосипедтер және басқ.) фактілерін алдын алу мақсатымен рейдтік шараларды өткізу;
  • ауданда орналасқан кәсіпкерлік объектілерінің орналасу деректерін жинау бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Астана қаласы әкімдігінің мақұлдауымен ауданда бөлшек сауданы ұйымдастыру ықтимал орындарын анықтау бойынша мониторинг жасау;
  • Кәсіпкерлікті дамытуға, қолдауға және халыққа қызмет көрсету мәдениетін жоғарлатуға бағытталған бизнес-құрылымы бар жиындарды, семинарларды және басқа шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Кәсіпкерлік мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.