ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВТІ ДАМУ БӨЛІМІ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВТІ ДАМУ БӨЛІМІ

Инфрақұрылым және перспективті даму бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданының әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдар мен Президенттің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті ауданның сәулеткерлік келбетін жақсарту, шығармашылық ізденісті ынталандыру, жоспарлау мен құрылысты жобалаудың ерекшелігін, өнеркәсіптік даму бағдарламаларын, энергетика, құрылыс, инженерлік желілер, байланыс, жол-көлік, инфрақұрылымын, жолаушылар тасымалын сәулеттегі айқын қоғамдық орталықтар, алаңдар мен көшелер, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендер және аудан аумағында сауда ғимараттарын салу арқылы үйлестіру.

Бөлімнің негізгі қызметі және жұмыс бағыттары:

  • өкілетті органдармен өнеркәсіпті дамыту, энергетика, құрылыс, инженерлік желілері, байланыс, жол-көлік инфрақұрылымы, жолаушы жолаушылар тасымалын сәулеттегі айқын қоғамдық орталықтар, алаңдар мен көшелер, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық кешендер және аудан аумағында сауда ғимараттарын салу арқылы үйлестіру бойынша өзара әрекеттестік;
  • салынып жатқан тұрғын үй кешендері және аудан аумағындағы өнеркәсіптік нысандарда тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) деректерін, құрылыс және пайдалануға беру мерзімдерін ескере отырып мониторингті  жүзеге асыру;
  • Астана қаласы аумағындағы абаттандыру және құрылыс ережелерінің талаптарының сақталуын тексеру үшін құрылыс нысандарында комиссиялық тексеру өткізу;
  • аудан аумағында тұрғын үй ғимараттары, металл гараждар салу, өз бетінше басып алу фактілеріне жол бермеу және жерді тиімді пайдалануға мониторингті жүзеге асыру;
  • аудан аумағында өз бетінше басып алу және құрылыс нысандарын анықтаған жағдайда олардың алдын алу бойынша өз құзыреті шегінде шаралар қолдану;
  • жер жұмыстарын жүргізу мерзімінің сақталуын және қалпына келтірілген учаскелер бойынша қайтару талондарын уақытылы тапсыруды тексеру;
  • қажет болған жағдайда қалалық жер комиссиясының отырысына қала әкіміне материалдар және ақпаратты дайындау;
  • жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарастыру.