КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ

Коммуналдық шаруашылық бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданының әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдар мен Президенттің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті аудан аумағында, тазалауды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық ұстау, абаттандыру бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметі және жұмыс бағыттары:

  • басқа бөлімдермен және ұйымдармен бірлесу арқылы ауданның ағымдағы жағдайы мен жоспарын әзірлеу;
  • техникалық-экономикалық негіздемемелер және есептер дайындауға, келісім-шарт жасасуға қатысу;
  • келісім-шарт жасасу негізінде ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін бақылау;
  • қандай да бір жұмыс түрлерін қаржыландыру бойынша бюджеттік өтініштерге арналған есептер дайындау;
  • ұйымдардың «Астана қаласының абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру ережелерін», «Астана қаласының жасыл көшеттерін күту ережелерін», «Қала аумағында жол жабындарын, тротуарларды, газондарды және басқа да нысандарды, қала шаруашылығы элементтерін бұзумен байланысты жұмыстар өндірісі ережелерін» сақтауын қадағалау;
  • мердігерлік ұйымдардың жұмыс түрлері бойынша сметалық нормаларды сақтауын қадағалау;
  • қала аумағының техникалық және санитарлық жағдайын тексеру, сонымен қатар, аудан мүлкінің – абаттандыру элементтерінің, шағын сәулет формаларының т.б. жағдайын тексеру;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру;
  • бөлімнің апталық, тоқсан сайынғы және жылдық жұмыс жоспарларын дайындау және орындау;
  • ауданның мердігерлік ұйымдарының орындаған жұмыс көлемі мен сапасын күн сайын бақылауды жүзеге асыру.