ТІРШІЛІКТІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ БӨЛІМІ

ТІРШІЛІКТІ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ БӨЛІМІ

Тіршілікті қамсыздандыру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданының әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдар мен Президенттің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті ауданның тұрғын үй шаруашылығын жүргізу және тұрғын үй қорын пайдалану бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • бөлімнің апталық, тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлеу және орындау;
  • өкілетті мемлекеттік органдармен, қызмет көрсететін ұйымдармен және коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып, тұрғын үй қорын аудандағы жылыту маусымына дайындауды ұйымдастыру;
  • термомодернизация элементтері бар көп қабатты тұрғын үйлердің энергия тиімділігін арттырумен байланысты кешенді шаралар бойынша қызмет көрсететін ұйымдармен өзара әрекеттестік (шатырды жөндеу, инженерлік желілерді күрделі жөндеу және алмастыру т.б.);
  • қызмет көрсететін ұйымдармен және өкілетті мемлекеттік органдармен апаттарды уақытылы жою, жөндеу жұмыстары, ортақ мүлікті тиісті техникалық және санитарлық ұстау бойынша өзара әрекеттестік (инженерлік желілер, құрылғылар, техникалық ғимараттар, басқыш алаңдары т.б.);
  • қала коммуналдық және телекоммуникациялық қызметтермен және акционерлік қоғамдармен қызмет көрсететін ұйымдардың қызметтерін кедергісіз және сапалы беруімен байланысты өзара әрекеттестік (жылыту, суық және ыстық сумен қамту, электрмен қамту, лифтілер т.б.);
  • өртке қарсы қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс, мобилизация және мобилизациялық дайындық бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету;
  • қаланың коммуналдық қызметтері және қызмет көрсететін ұйымдарының алдында қызметтерді тұтынушылардың берешектерінің төмендеуіне мониторинг жасау;
  • тұрғын үй қорында апатты жағдайды жою бойынша «Кезекші қызмет» ММ мемлекеттік мекемесімен жедел өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;
  • тұрғын үй шаруашылығын ұстау және ауданның тұрғын үй қорын пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша қала басқармалары мен акционерлік қоғамдарға хаттар дайындау және бағыттау;
  • тұрғындардың жалпы жиналыстарына қатысу;
  • өкілетті органдармен бірлесе отырып, ауданның тұрғын үй қорын ағымдағы және күрделі жөндеуді жүзеге асыру;
  • өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, көп пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар, қаланың тұрғын үй және коммуналдық қызметтері арасындағы келісімдік қатынастардың сақталуына мониторинг жасау және коммуналдық кәсіпорындар мен көп пәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар алдында берешектің төмендетілуін бақылау;
  • көп пәтерлі тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйымдар арасында тұрғын үйді ұстау және пайдалану бойынша конкурс ұйымдастыру;
  • ауданның тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өкілетті органдармен бірлесе комиссиялық тексеруге қатысу;
  • өкілетті органдармен көп қабатты тұрғын үйлердің жертөле ғимараттарындағы дератация және дезинсекция шараларын өткізу және техникалық ұстау мәселелері бойынша өзара әрекеттестік;
  • апатты-ескірген тұрғын үйлерді бұзу және ТКШ жаңарту бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттік органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен өзара әрекеттестік;
  • жеке және заңды тұлғалардың бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша өтініштерін қарастыру.