Абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімі

Абаттандыру және қоғамдық кеңістікті дамыту бөлімі (бұдан әрі – бөлім) «Сарыарқа» ауданының әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдар мен Президенттің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерін, басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі міндеті аудан аумағын абаттандыру, санитарлық ұстау, тазалауды ұйымдастыру және тазалығын қамтамасыз ету бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

Бөлімнің негізгі қызметтері және жұмыс бағыттары:

  • аудан аумағында коммуналдық қызметтердің қоқысты және қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы тазалауы мен шығаруын күн сайын қадағалауды жүзеге асыру;
  • шаруашылық субъектілерінің бекітілген учаскелерінде қоқысты, қарды және мұзды тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мердігер ұйымдар аудан аумағының орамішілік жинау, жөндеу, жөндеу және тазалау, орам ішіндегі жолдардың, аула аумақтардың шұңқырлардың аумағын көркейту бойынша (креативті жобалар) іске асыру, контейнерлік алаңдар орнату және жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды жүзеге асыру;
  • ауданда көшелердің, саябақтардың, даңғылдардың және басқа да орам ішіндегі аумақтарды санитариялық-экологиялық жай-күйін айқындау нысанасына аумақтағы объектілерде тексеру жүргізу;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілерінің оларға бекітілген аумақтарда тазалауы ұйымдастыру және тиісті санитарлық күтіп ұстауын қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асыру;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілер аудан аумағында анықталған бұзушылықтар жөнінде оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау;
  • «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті» РММ, Астана қаласының «Сарыарқа» ауданының ІІББ АПБ ППБ бірлесе отырып ауданды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша комиссиялық тексеру жүргізу;
  • жұмыс тобының құрамында ауданның тұрғын үйлерінің аумағында заңсыз орнатылған шлагбаумдар, бетон блоктар мен басқа да құрылымды демонтаждау;
  • аудан аумағында тасқын суларды және тасқындары өткізуге дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды қамтамасыз ету;
  • аудан аумағында көктемгі және күзгі абаттандыру және көгалдандыру, санитарлық тазалау жүргізу айлығын ұйымдастыру және өткізу;
  • бөлімінің жылдық жоспарын әзірлеу және атқару;
  • Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, санитарлық ұстау Астана қаласының аумағында құрылыс салу ережелерін қадағалауды және сақталуын бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.