ЕРЕЖЕ

«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Аппараттың ведомстволық ұйымдары жоқ.

3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережегесәйкесжүзегеасырады.

4. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімі және шешімі түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Аппараттың орналасқан жері: ҚазақстанРеспубликасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, №13.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

13. Аппараттқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

14. Аппараттың миссиясы:

Астана қаласы Сарыарқа ауданы аумағындағы мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

15. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілеттік органдардың, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен белгіленген:

1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағында Қазақстан Республикасының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеррінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің орындау жәрдемдесу;

2) қала әкімінің аппаратымен, қаланың өкілетті органы – Астана қаласының мәслихатымен (бұдан әрі - мәслихат) қаланың атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құрадарымен, мекемелермен, ұымдар және азаматтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3) қала әкімінің, аудан актілері мен тапсырмаларын орындау, Астана «Сарыарқа» ауданы аумағында орналасқан мекемелердің,кәсіпорындар мен ұйымдарының қызметтерінің жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

16. Функциясы:

1) азаматтардың үндеу, өтініш, арыз-шағымдарын қарастырады және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда шара қолданады ;

2) бюджетке тиесілі салым және басқа да міндетті төлемдерді жинақтауға жәрдемдеседі;

3) әкiмшiсi Аппаратболып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды өңдейді және мәслихаттың бекітуі үшін Астана қаласының әкiмдiгіне енгiзедi;

4) азаматтардың және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жәнеҮкіметінің актілерін,орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативті құқықтық актілерін орындауға жәрдемдеседі;

5) Аппараттың құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал етеді және жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады ;

6) Аппараттың құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

7) Қазақстан Республикасызаңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркелуді ұйымдастырады;

8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастырады;

9) әлеуметтік қорғалмаған азаматтарды анықтайды, жоғары органдарға жұмыспен қамтуды ұсынады, жалғыз басты қарттарға және жұмысқа қабілетсіз азаматтарға үйлеріне барып қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

10) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымды дамуыға жәрдемдеседi;

11) жергілікті өзін-өзі басқару ооргандарымен өзара байланысады;

12) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде мәслихатсессиясыныңжұмысына қатысады;

13) мектепке дейiнгі тәрбие жәнеоқыту ұйымдарының қызметiн қамтамасыз етедi;

14) Аппараттың құзіреті шегінде сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

15) абаттандыру, жарықтандыру көгалдандыру және елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады;

16) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

17) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарихи ескерткіштер және мәдени мұраны тиісті бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаражат шегінде ұстауды жүзеге асыру;

18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, аудан аумағында азаматтардың тұрғылықты жерінде бұқаралық демалу орындарындадене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп,мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

19) өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскр, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру;

20) аудан аумағында мемлекеттік көрсетілген қызмет сапасын арттыруына жәрдемдеседі;

21) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) соттарға талапкер және жаупкер ретінде қатысу;

2) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан Аппаратқа жүктелген функцияларды жузеге асыру үшін қажетті құжаттар, тұжырымдамалар, анықтамалар мен ақпараттарды сұрау;

3) Аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала әкіміне ұсыныстарды енгізу;

4) Аппарат құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның мемлекеттік органдармен, әлеуметтік қызметтермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және шаруашылық субъектілерімен өзара қарым-қатынаста болу;

5) берілген құзыреті шегінде аудандық маңызы бар мәселелерді шешуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған міндеттерді орындау.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

18.Аппаратқа басшылықты, ол Аппаратқа жүктелген мiндеттердiң орындалуына, оның функцияларын жүзеге асыруға және жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болып табылатын Сарыарқа ауданы әкімі жүзеге асырады.

19. Аудан әкімі қызметке Қазақстан РеспубликасыПрезидентімен белгіленген тәртіпте тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Аудан әкімінің өкілеттігі:

1) мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар;

2) нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

3) аудан әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады;

4) Қазақстан Республикасыныңзаңнамасындабелгіленген тәртіпке Аппаратта гендерлік тепе-теңлік жүзеге асырады.

Аудан әкімі болмаған жағдайда, оныңөкілеттігің қала әкімімен жүктелген аудан әкімінің орынбасарларының ауыстырады.

22. Аудан әкімінің орынбасарлары және аудан әкімінің Аппарат басшысы өз қызметтерін аудан әкімі белгілеген міндеттер бөлінісіне сәйкес жүзеге асырады, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, оған бағынады және есеп береді.

23. Аппарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалған және осы тәртіппен қызметтен босатылатын басшысымен басқарылады.

4. Аппараттың мүлкi

24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және жедел басқару құқығына тиесілі.

Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппарат өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.