БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР АРХИВІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР АРХИВІ

«Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 105 кабинет, анықтама телефондары: 8 (7172) 55-66-01, 55-66-03,факс 8 (7172) 55-72-80, h.kozhabekova@astana.kz  «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметке бос жұмыс орнына конкурс жариялайды:

  1. «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ Тіршілікті қамсыздандыру бөлімінің  бас маманы (Е-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық айлық ақысы еңбек өтіліне тәуелді 77 452 – 104 935 теңге.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қызмет көрсететін ұйымдармен және коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып, ауданның тұрғын үй қорын жылыту маусымына дайындау, жылыту маусымында тұрғын үй қорын ұстау және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Балансында сыртқы инженерлік коммуникациялары бар коммуналдық кәсіпорындармен және мемлекеттік мекемелермен тексеру құдықтарын тиісті техникалық қалыпта ұстау мәселесі бойынша өзара әрекеттестікте болу.

Бақылау және қадағалау органдарының өкілдерімен бірлесіп және ұйымдасқан жұмыс тобы құрамында тұрғын үйлердің техникалық жағдайы мәселелері бойынша тұрғын үйлерді рейдтік тексеруге қатысу.

Жасалған келісім-шарттарға сәйкес тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, аншлагтарын дайындау және орнату бағдарламасы бойынша мердігерлік ұйымдардың орындайтын қызметтерінің сапасы мен көлемін техникалық бақылау қызметін жүзеге асыру.

Мердігерлердің ай сайын орындаған жұмыстарының көлемі бойынша белгіленген үлгідегі актіге қол қояды және факті бойынша тексеру.

Пәтерлер мен ғимараттардың меншік иелерінің жиналыстарына қызмет көрсететін ұйымдармен бірлесіп қатысу.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг), Құқық, Ауыл шаруашылық ғылымдары, Гуманитарлық ғылымдар, Техникалық ғылымдар және технология, Қызметтер.

Мемлекеттік қызметте бір жылдан кем емес немесе аталған санаттағы нақты лауазымның функционалдық қызмет бағыттары бойынша екі жылдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімнің болуына рұқсат етіледі.

Келесі құзыреттіктердің болуы: бастамашылдық, коммуникациялық, аналитикалық, жинақтылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзе алмау.

Еңбек өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

Жоғары білімі болған жағдайда еңбек өтілі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар талап етіледі:

        1)  сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен ережеге сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тiзiмі;

      3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

      10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттар 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы керек, уақыт «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 105 каб.) ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі күннен бастап саналады.

Осы Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

      Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса, жалпы конкурсқа қатысқан жағдайда тестілеу мен жеке қасиеттерін бағалаудан өтпейді және келесі құжаттарды тапсырады:

1) өкілетті орган бекіткен нысанда өтініш;

2) құжатты тапсырған күннен бастап бір айдан аспайтын персоналды басқару қызметі растаған лауазымдар тізімі;

3) Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын растайтын құжат.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» кіріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен  кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар  «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13) әңгімелесуге жіберілгені туралы мәлімдемені алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, жоғарыда аталған ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақ қояды, оның ішінде конкурс комиссиясы қалыптастырған сұрақтар тізбесіне кірмейтін сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.